Оқу үдерісінде ойын элементтерін қолдану
Дидактикалық ойындар сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын арттырып, оқушының танымдық белсенділігін, ынтасын күшейтеді. Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады. Сабақта ойындарды пайдаланғанда ойынға қойылатын методикалық талаптарды білу қажет.
Олар мыналар:
1. Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнектілер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндіріледі.
3. Ойынға сыныптағы барлық баланы қатыстыру.
4. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, оларды ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуге жетелеу керек. Бұл әдіс, талаптарды орындамаған кезде, оқушы ойынға қызықпайды. Сөйтіп, ойын өз мәнін жояды.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану – сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу барысын пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану, сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді. Оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Мен ойын элементтерін барлық дерлік сыныптарда пайдалануға тырысамын. Себебі, қазақ тілі пәнінде бірыңғай жазу жұмыстары мен оқу оқушыларды тез жалықтырады. Сабақта пайдаланылған сергіту жаттығуларымен қатар жаңа тақырыпты меңгеру, өткенді пысықтау мақсатында пайдаланылатын ойын түрлерінің пайдасы зор.
“Түбір мен қосымша” тақырыбын өткенде,
“Ұқсасы қайда” деген ойын пайдалануға болады. Мұғалім “еңбек” деген сөз жазылған кәртішкені көрсетеді. Оған қарап оқушылар түбірлері бірдей сөздерді тез ойлап айтады.
Еңбек, еңбек – ші, еңбек – кер, еңбек – қор.
“Зат есім” тақырыбын өткенде
“Тізбек” ойынын ойнауға болады. Бірінші оқушының ойлап айтқан зат есімінің соңғы дыбысынан басталатын жаңа зат есім тауып айту.
Кітап – парта – астық – қарындаш – шана т.б.
Сөздік қорларын байыту мақсатында “Кім көп сөз біледі?” ойынын ойнауға болады. Екі оқушы өздері білетін сөздерді тез әрі жылдам айтып шығу қажет. Шатаспаған, кім көп сөз айтқан оқушы марапатталады.
Сабақта тағы да қызықты ойналатын дидактикалық ойындардың бірі – “Доп қағу” ойыны.
Мысалы: допты лақтырып орыс тілінде сөз айтасың да, оқушы сол сөздің аудармасын айтып допты кері қайтарады.
Школа – мектеп, класс – сынып, мяч – доп т.б.
Қазақ тілі сабағында сөз жұмбақ шештіру де оқушының ынтасын арттырады. Әрі оқушының ой – өрісін, ойлау қабілетін дамытып, тапқырлыққа, жылдамдыққа талпынады. Сөзжұмбақты әрбір сабақтың мазмұнына қарай ұйымдастырып, өмірмен байланыстыруға болады.
Терме диктанттар, жұмбақтар оқу, керекті сөздерді естіп жазу.
Әзіл минуты.
Ақын – жазушылардың шығармаларынан да үзінділер оқуға болады.
Ұлттық үрдістегі ойындар: “Ұшты - ұшты”, “Ғажайып қоржын” сұрақтарға жауап беру.
“Күн мен түн” ойыны есте сақтау диктантына – күн – көріп алады. Түн көздерін жұмады. Көздерін ашып дәптерлеріне жазады.
“Біз не жейміз” ойыны. Мұғалім түрлі заттарды атайды. Егер де жеуге болатын зат болса, оқушылар ол сөзді түгелдей дерлік қайталайды. Егерде желінбейтін зат болса, оқушылар үндемейді.
“Қайтала” ойыны.
Мұғалім бір жануардың атын атайды. Екінші оқушы мұғалімнің сөзін қайталап, өз сөзін сол тақырыпқа айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі сөзді қайталап, және өз сөзін қоса айтады. Ешқандай сөздерді шатастырмай өз қалпында айтқан оқушы жеңімпаз болады.
Мысалы: сиыр
1 – ші оқушы: сиыр, бұзау
2 – ші оқушы: сиыр, бұзау, қой
3 – ші оқушы: сиыр, бұзау, қой, қозы т.б.
“Қандай” мұғалім сұрақ береді, балалар жылдам жауап беруі керек.
Мысалы: - Лиза мына алма қандай?
- Бұл алма қызыл.
- Дима, алмұрт қандай?
- Алмұрт сары, т.б.
Жыл мезгілдеріне байланысты тақырыптарға да ойындар ұйымдастыруға болады.
Мысалы:
“Күз” тақырыбына оқушыларды үш топқа бөліп:
1 – қатар жемістерді атайды
2 – қатар көкөністерді атайды
3 – қатар жидектерді атайды
Ал “Көктем” болса
1 – қатар гүл аттарын,
2 – қатар ағаш аттарын,
3 – қатар құс аттарын атап, кім жылдам, кім көп атайды деген мақсатта ойындар ұйымдастыруға, ойнауға әбден мүмкін.
Кім көп сөз біледі? (сөздік ойын)
эпоха – дәуір виноград – жүзім
ничего – тәуір список – тізім
полуостров – түбек доклад – баяндама
шелк – жібек остановка – аялдама
Сондай – ақ сабақтарды тартымды әрі қызықты өту үшін ертегілер ізімен “Кімнің қулығы күшті?” немесе саяхат сабақтарын “Қазақ жеріне саяхат” деген тақырыптарда ойын сабақтарын өткізіп тұрамын. Түрлі шарттар қойылады, (өтілген материалдарға байланысты) осы қойылған шарттар орындалған жағдайда ғана алға қойылған мақсат орындалады деуге болады.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды өту кезінде әр сабақта 4 – 5 минут оқушыларға “фонетикалық жаттығу” ойынын ұйымдастыруға болады.
Мысалы: Қ дыбысы бар сөздерді атаңдар
Ғ дыбысы бар сөздерді атаңдар т.б.
Сан есімді қорытындылау сабағында
“Бәйге” ойынын ұйымдастыруда өткізілетін сабаққа қысқаша шолу жасасақ. Өткен сабақта сан есімімен танысқан болатынбыз, ал бүгінгі сабағымызда сан есімін әрі қарай тереңдетіп оқимыз. Бұл сабағымызға қонақ ретінде ертегі кейіпкерлері Алдар Көсе мен Қожанасыр қатысып отыр. Олар екі топтың өзара жарысын қызықтап, әр топты қолдап, көмектеспекші.
Сұрақтар – кәртішкелер үлестіріледі.
1. Сан есім деген не?
2. Сан есімнің түрлері қандай?
3. Етістік сан есім деген не? Мысал келтір.
4. Бүгін нешесі?
5. Сыныпта неше оқушы бар?
6. Сен неше жастасың?
7. Сен нешінші сыныпта оқисың?
8. Отбасыңда неше адам бар?
9. Сен нешінші үйде тұрасың?
10. Сен нешінші пәтерде тұрасың?
11. Сен қай жылы тудың?
12. Сан есімнің сұрақтары қандай?
Осы сұрақтарға оқушылар жауап береді. Сан есімді, оның түрлерін, сұрақтарын пысықтадық. Ал енді, санайық, ол үшін “Бәйге” ойынын ұйымдастырайық. Алдар Көсе мен Қожанасырдың аттары жарысқа түседі. 1 - ден 20 – ға дейін кезек – кезек санап, аттарды мәреге қарай жылжытамыз. Енді ондық бойынша 10 – нан 2000 – ға дейін санайық.
Балалар, халқымыз ертеден – ақ сандарды білген, санауды балаларына жастайынан үйреткен. Сан есімдер мақалдарда, жұмбақтарда, жаңылтпаштарда көп қолданылған.
Мақалдар: Жеті жұрттың тілін біл
Жеті түрлі білім біл.
Жүз сомың болғанша,
Жүз досың болсын.
Жұмбақтар:
Төрт бұрышты
Бір ауызды
Бес ін, бес іннің
Аузы бір ін
Жаңылтпаштар: Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік тіктім
Есет атам ет асатар,
Ет асатса, бес асатар
Келесі ойынымыз “Киіз үй тұрғызу” деп аталады.
Киіз үйдің әрбір құрамды бөліктерінде кәртішкелер берілген, сол шарттарды орындағанда киіз үйді құруға болады т.с.с.
Қорыта келгенде ойын элементтерінің тәсілдерін саьақта түрлендіре пайдалану.
1. Біріншіден шәкірттердің оқуға қызығуын, ынтасын арттырады.
2. Екіншіден сабақта көп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Балаларды достастырып, қарым – қатынастарын ұлғайтады, бір – біріне ынтымақ, көмек көрсетуге баулиды. Ойын – өрісін кеңейтеді. Сөздік қорларын байытады. Шыдамдылыққа үйретеді.
Ал сабақ тақырыбына қарай ойынды таңдау, оны қызықты етіп тиімді пайдалану – бұл мұғалімнің шеберлігі.
Ұстаз мақсаты, қалай болғанда да шәкірттеріне тиесілі білімді меңгерту.