Балалардың ойлау қабілетін дамытуда алты ойшыл қалпақ әдісін кең пайдаланады. Оның авторы американдық профессор Эдвард де Боно. Осы әдісті пайдалану кезінде мына жайттар болуы тиіс.
1. Әркім ойлану керек және ойларын айтады;
2. ойлау дағдысының дамуының бірі;
3. Тым күрделі жағдайларды қарапайым жағдайлармен алмастыру керек;
4. Жоспарлы және сатылы әрекет болу керек;
5. Затты зерттеу қажет және сөз таластырмау керек;
6. Менің пікірім әрқашан дұрыс демей, керісінше пайдалы ұсыныстар жасау керек. Басты міндет оны көре білу;
7. Біз көрмей тұрған, бірақ көруге міндетті ететін шешімдер мен идеялар болуы керек.
Балалардың өзі ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін жақсырақ түсінуін, ойлау бейнелерін бақылаудың және мәселенің шешу кезінде ойлау үрдісін тиімді пайдалану мақсатында ойда қойылған міндеттермен нақтырақ байланыстыруға үйрету. Алты ойлау қалпақтарын қарапайым және практикалық әдіс. Ол практикалық ойлаумен байланысты. Негізгі үш қиындықты жеңуге мүмкіндік береді:
1. Эмоциалар;
2. Шарасыздық;
3. Түсінбестік.
Әдіс ойлауды алты типке немесе тәртіпке бөлуге жол береді, олардың әрбіреулеріне түрлі түсті қалпақ сәйкес келеді. Бөлу арқылы әрбір тәртіп тиімдірек пайдаланады, жалпы ойлау үрдісі бір нүктеге топталып, тұрақты болады.
Қалпақтар сипаты
Ақ қалпақ
Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.
Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?
Қызыл қалпақ
Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды?
Сары қалпақ
Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?
Қара қалпақ
Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма?
Жасыл қалпақ
Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды
Көк қалпақ
Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?